Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2018 жылы ақша айналымы 21,1 трлн теңгеге жетті

2018 жылы ақша айналымы 21,1 трлн теңгеге жетті

Алматы. 18 ақпан. 7kun.kz – ҚР аумағында және одан тыс жерлерде қазақстандық банктердің карталарымен ақша айналымы 2018 жылы 21,1 трлн теңгеге жетті. Жыл ішінде өсім 53,1%-ті құрады.

Карталар бойынша барлық ақша айналымы халықаралық жүйелерге тиесілі, олардың үлесі екінші жыл қатарынан 99,7%-ке жетеді.

Қазақстандық банктер шығарған халықаралық жүйелердің карталары бойынша ақша айналымы 21,09 трлн теңгені құрайды, оның ішінде елеулі үлесті Visa (жылына 11,7 трлн теңге, +21%) және MasterCard (7,4 трлн теңге, жылына бірден 2,1 есе өсті) алады.

Алайда, Visa жүйесінің айналымдағы үлесі 55,3%-ке дейін қысқарды. Бір жыл бұрын Vista үлесі 70,1%-ті құрады. Ал, MasterCard үлесі бір жыл ішінде 25,6%-тен 35,3%-ке дейін өсті.

Бұл ретте, егер өткен жылы екі жетекші жүйенің үлесіне 95,6% келсе, ал 2018 жылы олардың жиынтық салмағы халықаралық жүйелердің карталары бойынша айналымнан 90,6%-ке дейін қысқарды.

Қазақстандық банктер шығарған халықаралық жүйелердің карталары бойынша қолма-қол ақша беру көлемі тек 37%-ке артып, 14,7 трлн теңгеге жетті.

Сонымен қатар, қолма-қол ақшасыз төлемдер 2,1 есе артып, 6,3 трлн теңгеге дейін өсті.

Visa жүйесінің үлесі бір жылда қолма-қол ақша беру бойынша 69,8%-тен 56,3%-ке, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша 71,1%-тен 53%-ке дейін қысқарды.

MasterCard, керісінше, қолма-қол ақшаны 25,2%-тен 31,5%-ке дейін, ал қолма-қол ақшасыз төлемдерді — 26,7%-тен 44,1%-ке дейін ұлғайтты.

Похожие материалы