Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2018 жылы Қазақстан 400 мың тонна бензин экспорттамақшы

2018 жылы Қазақстан 400 мың тонна бензин экспорттамақшы
Алматы. 27 маусым. 7kun.kz - Қазақстан 2018 жылдың күзінен бастап Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстанға бензин экспорттауды бастайды. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» компаниясының өкілі Данияр Тиесов айтты. Мұнай тасымалдау, қайта өңдеу және маркетинг жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары атап өткендей, қазіргі уақытта отандық бензиннің профициті жыл сайын айтарлықтай артады. «Қазақстан толықтай өзнің жоғары октанды бензин тұтынуда қажеттіліктерін өтеді. Сонымен қатар, бізде экспорт үшін үлкен мүмкіндіктер пайда болып жатыр. Қазіргі таңда біраз автомобиль бензині жиналды», деп хабарлады Тиесов «Argus Қазақстан мен Орталық Азияның мұнай-газ нарығы 2018» конференциясының барысында. ҚМГ өкілі Қазақстанға шкетес елдермен үкіметаралық құжаттарға қол қою үшін біраз уақыттың қажеттігін атап өтті. «Осы жылдың күзінде біз тауарымызды көршілс Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстанға эспорттауды бастай аламыз. 2018 жылдың соңына дейін жалпы 300-400 мың тонна бензинді экспорттаймыз. Ал келесі жылы зауыттарды жүктеу көлемі жоспарлаға сәйкес келсе, 1-1,2 млн тоннаны шығау ойымызда бар», деді Тиесов.

Похожие материалы