Алматы. 6 наурыз. 7kun.kz – 2018 жылы 23 жоба іске асырылатын болады. Ондағы 22 жоба өтпелі. Оның ішіндегі 10 жоба Халықаралық қаржы институттарының займдары есебінен іске асырылатын болады. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелеріне арналған Үкімет отырысында жасаған баяндамасында мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, 2017 жылы республикалық маңызы бар 603 шақырым автожол ашылды.
«Жыл қорытындысы бойынша 528 шақырым жолды ашу жоспарланған. Атап айтқанда, Орталық-Шығыс жобасы бойынша (Астана-Шідерті) – 233 шақырым; Орталық-Оңтүстік (Теміртау-Қарағанды) – 45 шақырым; Орал-Тасқала – 35 шақырым; Бейнеу-Ақжігіт – 85 шақырым; Алматы-Талдықорған (Сарқанд қаласы айналма жолы) – 16 шақырым; Қордай ауылының айналма жолы – 19 шақырым; Астана-Петропавл-РФ шек.(Қорғанға) – 20 шақырым; Таскескен-Бахты – 20 шақырым, Щучье-Зеренді – 20 шақырым, Талдықорған-Өскемен – 20 шақырым, Қалбатау-Майқапшағай – 9 шақырым, Астананың Оңтүстік-Батыс айналма жолы – 6 шақырым»,-деді Жеңіс Қасымбек.
Сонымен қатар, Елбасының Жолдауында берілген тапсырма бойынша жергілікті жердегі автокөлік жолдарын жөндеу мен реконструкциялау жұмыстарын қаржыландыруды ұлғайту көзделіп отыр. Сондай-ақ, Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі «Жол сапасы» көрсеткішін жақсарту мақсатында өңір әкімдіктерімен бірлесе отырып, аймақтық автокөлік жолдарының техникалық жағдайын талапқа сай ету үшін бірқатар шаралар әзірленді.
«2018 жылы республикалық және жергілікті бюджеттерден қосымша 60 млрд теңге бөлініп, қаржыландыру көлемі 150 млрд тенгеге дейін жетеді»,- деді министр.
Бұл шаралар жөнделетін 4 мың шақырымнан астам жолды қамтуға және 2025 жылға қарай жергілікті желінің жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 85 пайызға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024