Экономика
Познавательный
2018 жылы Қазақстанда 6857 автокөлік жасалды
Алматы. 17 сәуір. 7kun.kz - 2018 жылдың алғашқы үш айында Қазақстанда 6857 көлік жасалды деп хабарлайды motor.kz.
Бұл көрсеткіш 2017 жылдың алғашқы үш айындағы көрсеткішпен салыстырғанда екі есеге көп.
Қазақстан Автобизнес қауымдастығының мәліметінше, көліктердің негізгі бөлігі наурыз айында жасалған. Наурызда 2580 көлік шыққан. Бұл ақпан айымен салыстырғанда 18,8 пайызға көп. Бірінші кварталда жалпы 6494 жеңіл көлік, 177 көлік көлігі, 44 автобус, 113 тіркеме және 29 әртүрлі арнайы техникалар жасалған.
Өскемендегі "АзияАвто" 4411 көлік жасаса, қостанайлық "СарыарқаАвтоПром" үш айдың ішінде 2108 көлік шығарды. Көкшетаудағы "КАМАЗ Инжиниринг" 121 жүк көлігін жасады. Алматыдағы Hyundai Trans Auto 44 автокөлік құрастырса, DaewooBus алғашқы кварталда 15 көлікпен аяқтады.