Алматы. 9 шілде. 7kun.kz – Қазақстандық шағын несие беру ұйымдары берген кредиттер көлемі 2018 жылы 40% өседі. Мұндай болжамды KMF компаниясы мен Қазақстан ШНҰ қауымдастығының басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов Интерфакс агенттігіне берген сұхбатында айтты.
Оның айтуынша 1 тоқсанда шағын несие ұйымдары 61 млрд теңгеден астам шағын несие берген, бұл 2017 жылдың 1 тоқсанындағы көрсеткіштен 41% жоғары. Сондай-ақ, Қазақстандағы бөлшек кредиттердің 5% құрады.
Сондай-ақ, шағын кредиттердің көлемі де өскен. 2017 жылдың І тоқсанында 122 мың шағын кредит, 2018 жылдың І тоқсанында 174 мың шағын кредит берілген. Айта кетейік, 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы берілген шағын несие көлемі 61% өсіп, 228 млрд теңгені құраған.
Шалқар Жүсіповтың айтуынша шағын несиенің өсуіне банк секторындағы дағдарыстың созылуы себеп. Шағын бизнес пен тұрғындардың қажеттілігін ШНҰ мен онлайн несиелендіру басты.
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





