2018 жылы корпоративтік құн салығы мен қосымша құн салығы жоспарға жетпей қалды
Алматы. 21 мамыр. 7kun.kz – Корпоративтік табыс салығын (КТС) 2018 жылдың қорытындысы бойынша орындамау екінші деңгейлі банктердің кірістерінің айтарлықтай төмендеуіне, уран өндіру және тау-кен өндіруші компаниялар айналымының төмендеуіне байланысты болды, - деп мәлімдеді ҚР қаржы министрі Әлихан Смайылов.
«Жекелеген салықтардың орындалмауы орын алып отыр. Мысалы, КТС-ның орындалмауы екінші деңгейлі банктердің табыстарының төмендеуімен байланысты. 2018 жылдың қорытындысы бойынша екінші деңгейдегі 20 банк бойынша түсімдер 39,9 млрд теңгеге немесе 41,8%-ға төмендеді», - деді Ә. Смайылов.
Оның айтуынша, КТС-ның орындалмауы уран өндіру және кен өндіру компаниялары бойынша айналымдардың тиісінше 44% және 9,2%-ға төмендеуімен байланысты.
«Сондай-ақ қосылған құн салығының жоспары (ҚҚС) да орындалмады, себебі 25 ірі салық төлеушілерге сату көлемінің 68,9%-ға төмендеуі және 86 ірі салық төлеушілерге артық төлемнің болуы», - деді министр.
Министрдің айтуынша, 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикалық бюджетке бересі 198 млрд теңгені құрады. 2017 жылмен салыстырғанда қарыздың ұлғаюы 83 миллиард теңгені немесе 72%-ды құрады.
«Бересінің негізгі сомасы корпоративтік табыс салығына – 50,5% немесе 100 млрд теңге және қосылған құн салығына – 45% немесе 89 млрд теңге тиесілі», - деді Ә. Смайылов.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024