Алматы. 22 мамыр. 7kun.kz – 2018 жылы Қазақстан Республикасында 397799 бала дүниеге келді. Оның ішінде қалалық мекендерде – 235014 адам, ауылдық – 162785 адам. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитетінде хабарлады.
Деректерге сәйкес, туғандардың 51,6%-ы (205224) ер балаларды және 48,4%-ы (192575) қыз балаларды құрады. Туған кездегі жыныстардың арақатынасы 100 қыз балаға шаққанда 107 ер бала болды.
2018 жылы туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 21,77 (2008 жылы – 22,75) туғандарды құрады.
Өңірлік бөліністе туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында (1000 тұрғынға шаққанда 29,72 туғандар), Нұр-Сұлтан қаласында (27,67) және Шымкент қаласында (27,53) тіркелді. Ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Қазақстан (12,93), Қостанай (13,30) және Павлодар (15,72) облыстарында көрініс тапты.
Айта кетейік, 2018 жылы әйелдердің бала туу кезіндегі орташа жасы 28,7 жасты құрады, қалалық мекендерде – 29,0, ауылдық мекендерде – 28,3.
Қазақстанның көпшілік өңірлерінде бала туу кезіндегі әйелдердің орташа жасы орташа республикалық деңгейден жоғары болды. Алматы қаласында 29,8 жасты, Нұр-Сұлтан қаласында 29,6 жасты құрады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024