Алматы. 16 қаңтар. 7kun.kz – 2018 жылдың қаңтар-қарашасында Қазақстаннан 39 357 адам кетті. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 11,9% - ға көп. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті осындай деректер ұсынды.
Республикадан кеткендердің көпшілігі ТМД елдеріне бет алды – 35 544 адам (бұрын 31 467). Ал басқа елдерге 3 813 адам кетті. Кеткендердің ішінде орыстар (72,6%), немістер (7,3%), украиндар (6,6%) және қазақтар (4,3%) көш бастап тұр. 2018 жылдың 11 айында Қазақстанға басқа елдерден келгендердің саны 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,5% - ға дейін азайды (11 545 адам). 9 069 адам Қазақстанға ТМД елдерінен, 2 476 адам басқа елдерден келді. Елімізге қоныс аударғандар қатарында қазақтар (53,1%), орыстар (23,3%) және украиндар (2,8%) көп. Осылайша, көші–қон сальдосы теріс сақталды , -27 812 адам. Яғни Қазақстаннан кеткендер саны ҚР-ға келгендер санынан 27 812 адамға артық. Республика аумағындағы көшіп-қонушылардың саны 12,2% - ға төмендеп, 819 504 адамға дейін азайды. Өңіраралық қоныс аударушылар бойынша халықтың көші-қонының оң сальдосы елдің үш өңірінде қалыптасты: Астана (17 617 адам), Алматы (31 738 адам) және Шымкент (38 074 адам) қалалары.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024