Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2018 жылы сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 40 млрд теңгені құрады

2018 жылы сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 40 млрд теңгені құрады

Алматы. 12 маусым. 7kun.kz - 2018 жылдың қаңтар-сәуір аралығында туристік операторлар мен агенттіктердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру саласында жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 40 млрд теңгені құрады, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,4%-ға аз.  Бұл туралы Ranking.kz хабарлады.

Туристік операторлардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің міндетті сақтандыру бойынша барлық түсімдерден түскен сыйлықақыларының үлесі жыл ішінде 0,2%-дан 0,1%-ға дейін төмендеді.

Саладағы төлемдер көлемі бірден 91,2%-ға, 18,9 млн теңгеден 1,7 млн теңгеге дейін төмендеді. Міндетті сақтандыру бойынша төлемдердің үлесі жыл ішінде 10 есе, 0,2%-дан 0,02%-ға дейін қысқарды.

Туристік операторлардың және туристік агенттіктердң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың мақсаты туристердің меншігі мен басқа да мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

Алты компания 2018 жылы туристік операторлар мен агенттіктерді сақтандыруға қатысады. Жинақталған сыйлықақылар көлемі бойынша «Amanat» көш бастап тұр - 17,9 млн теңге, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 48% артық, ал 2018 жылы ешқандай төлемдер болмады. Ал, қаңтар-сәуір араығында олардың көлемі 6,8 млн теңгені құраған.

Жинақталған сыйлықақы көлемі бойыша 2 орынды «Сентрас Иншуранс» сақтандыру компаниясы иеенді. Бұл сақтандыру компаниясының көлемі 12,8 млн теңгеге жетті. Бұл 2017 жылғыдан 2 есе аз.

Үшінші орында - «Интертич» компаниясы. Сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 6,2 млн теңгені құрады. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 2,8% ға аз. 2018 жылы сақтандыру компаниясынан төлемдер өткен жылмен салыстырғанда - 7,7 млн теңге болды.

Похожие материалы