Алматы. 8 сәуір. 7kun.kz – 2018 жылы микрокредиттік қызметпен айналысатын компаниялар 500,7 миллиард теңге қарыз берді. Бұл 2017 жылға қарағанда 7,5% артық, деп хабарлайды Ranking.kz.
Зерттеу мәліметтері бойынша, жеке тұлғаларға 346,2 млрд теңгеге несие берілген. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32,9% артық. Мұндай кредиттердің үлесі бір жыл ішінде 55,9%-дан 69,1%-ға дейін өсті.
2018 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында заңды тұлғаларға 154,5 млрд теңге несие берілді.
2018 жылы жеке тұлғаларға берілген несиелердің жартысынан астамы кәсіпкерлік мақсаттар үшін мақұлданды - 215,5 млрд теңге, 2017 жылға қарағанда 55,1%-ға артық. Мұндай қарыздардың үлесі 53,3%-дан 62,3%-ға дейін өсті. Ал тұтынушылық мақсаттарға 130,7 млрд теңге берілді, бұл 2017 жылғы қаңтар–желтоқсанмен салыстырғанда 7,5%-ға артық.
Сонымен қатар, шағын несие қызметімен айналысатын кәсіпорындардың жалпы саны 2018 жылы 20,1%-ға, 824 компанияға дейін қысқарды. Оның ішінде 600 кәсіпорын (2017 жылға қарағанда 23,1%-ға кем) - кредиттік серіктестіктер; 224 компания (2017 жылдан - 10,8%-ға кем) - микрокредиттік ұйымдар.
ШНҰ мен кредиттік серіктестіктердің жиынтық кредиттік портфелі 2018 жылдың соңында 668,8 млрд теңгені құрайды. Жалпы несие қоржынының 50,4%-ы - жеке тұлғаларға берілген қарыздар; 331,8 млрд теңге немесе 49,6%-ы - заңды тұлғаларға берілген қарыздар.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024