2018 жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 38 мыңнан астам қарыз берді
17 қаңтар, 2019
Алматы. 17 қаңтар. 7kun.kz – 2018 жылдың қорытындысы бойынша "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ 38 250 қарыз берді, деп хабарлады банктің Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.
"2018 жыл біздің банк үшін рекордты болды - біздің банк арқылы орташа алғанда күніне 100-150 адам тұрғын үй мәселесін шешті. Банк 38 мыңнан астам қарыз берді – 38 250 қарыз берілді", - деді төраға.Ибрагимованың айтуынша, әрбір төртінші қарыз "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында берілген.Соңғы үш жылда бағдарлама бойынша жалпы сомасы 100 млрд теңгеге жуық қарыз берілді.Банк портфелінде 1 млн астам салым бар. Оның ішінде 150 мыңнан астам салымшы жергілікті атқарушы органдардың кезекте тұр.