Алматы. 31 қазан. 7kun.kz – Бүгін Мәжіліс депутаттары «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заң жобасын мақұлдады.
Бюджет жобасы 2019-2021 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізінде әзірленді, онда базалық сценарийдегі мұнай бағасы $60 болды, 2019 жылы ЖІӨ-нің өсуі 3,9% деңгейінде болжануда, одан кейін 2023 жылы 4,6%-ға дейін ұлғаяды.
ҚР Ұлттық экономика министрінің мәліметінше, номиналды ЖІӨ 2019 жылы 64,1 трлн теңгеден 2023 жылы 86,9 трлн теңгеге дейін өседі.
«Республикалық бюджеттің кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) 2019 жылы 6,8 трлн теңге, 2020 жылы 7,3 трлн теңге, 2021 жылы 8 трлн теңге көлемінде болжануда», – деді министр.
2019 жылы бюджет тапшылығы 2018 жыл деңгейінде ЖІӨ-ге 1,5%-ға жоспарланған, 2020 жылы ЖІӨ-ге 1,4%-ға дейін және 2021 жылы ЖІӨ-ге 1,3%-ға дейін қысқартылады.
Республикалық бюджет шығыстары бойынша болжам 2019 жылы 10,7 триллион теңге, 2020 жылы - 11 триллион теңге, 2021 жылы - 11,4 трлн теңге.
Мәжілістің қаржы және бюджет комитетінің хабарлауынша, республикалық бюджеттің жобасы Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын және 5 әлеуметтік бастамасын іске асыруға бағытталған.
Сондай-ақ, мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019-2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасын мақұлдады.
Ұлттық қордан республикалық бюджетке 2019 жылы кепілдендірілген трансферттің көлемі 2,4 триллион теңгені, 2020 жылы - 2,3 триллион теңгені, 2021 жылы - 2 триллион теңгені құрайды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024