Алматы. 19 наурыз. 7kun.kz – 2019 жылы 118 мың тұрғын үй салынады, бұл 13,1 млн шаршы метрді құрайды. Үкімет отырысында Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрі Роман Скляр осылай мәлімдеді.
«2018 жылы тұрғын үй құрылысына 1,2 трлн теңге инвестиция салынды. Бұл 2017 жылдан 8,1%-ға жоғары. 1 теңгеге мемлекеттік қаражатқа 6 теңге жеке инвестициялар тартылды. 12,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, рекордтық көрсеткішке қол жеткізілді. Бұл 2017 жылғы деңгейден 12,1%-ға жоғары. Барлығы 113 700 тұрғын үй салынды. Биыл біз 13,1 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй немесе 118 мың тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз», - деді министр.
Роман Скляр ағымдағы жылы мемлекеттік инвестициялар есебінен 1,5 млн шаршы метр пайдалануға берілетіндігін атап өтті. Бұл 27 мыңнан астам баспанаға мұқтаж адамдарды қамтамасыз етуге жетеді.
Сондай-ақ, 2019 жылдың басынан бері барлық қаржыландыру көздері есебінен 1,7 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 15 мың тұрғын үй пайдалануға берілген.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің хабарлауынша, Астана қаласы, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында тұрғын үйлерді пайдалануға беру қарқынының төмендеуі байқалады.
«Жалпы тұрғын үй салынып жатқан аудандарда инженерлік желі салу үшін 81,7 млрд теңге қарастырылған. Ал сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер үшін өңірлерге республикалық бюджеттен 32,8 млрд теңге бөлінеді. 4,5 мың пәтердің құрылысы жоспарлануда», - деді Роман Скляр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024