Алматы. 17 қаңтар. 7kun.kz – Қазақстанда жаңа автокөліктердің сатылымы 70 мың бірлікке жетеді, деп болжайды Қазақстандық автобизнес қауымдастығы (ҚАБҚ).
"Жергілікті өндірілген автомобильдердің үлесі 2019 жылы да ұлғаяды, ағымдағы экономикалық көрсеткіштер сақталған жағдайда ҚАБҚ 70 мың бірлік көлемінде жаңа жеңіл және коммерциялық автомобильдер сатылымының өсуін күтуде", - деп хабарлайды ҚАБҚ баспасөз қызметі. Қауымдастықтың мәліметтері бойынша, 2018 жылы Қазақстанда ресми дилерлер 546,8 млрд теңге сомаға 60 мың 928 бірлік жеңіл және коммерциялық автокөлік сатты. Бұл 2017 жылға қарағанда 24% - ға артық. Өткен жылы отандық автоөнеркәсіп тарихында алғаш рет импорттың ай сайынғы үлесі 50%-дан төмендеді. Республика ішінде дайындалған автокөлікке сұраныс 2015 жылы 17%-дан 2018 жылы 49%-ға дейін өсті. Нәтижесінде Қазақстанның машина жасау өнеркәсібіндегі үлесі 19,2%-ды құрады. Бұл көрсеткіш 2017 жылдың соңында 16,4% болған. Елдегі абсолюттік көрсеткіштер бойынша өткен жылы жалпы құны 205,95 млрд теңгеге автобустар, арнаулы техника, жүк тіркемелері және жартылай тіркемелер дайындалды. Олардың жалпы саны - 32,3 мың бірлік.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024