Алматы. 20 қазан. 7kun.kz – 2019 жылдан бастап Израилдің «Eviation Aircraft» әуе компаниясы электрлі әуе таксилерін шығарады.
2017 жылы Парижде Израилдің «Eviation Aircraft» әуе компаниясы өзінің кішкентай электр ұшақтарының үлгісін көрсеткен еді. Компания өкілдерінің мақсаты – ұшу қашықтықтығын (мыңдаған шақырымға дейін) барынша азайту. Жобаны әзірлеушілер бұл идеяны 2018 жылда іске асыратындығын айтады.
Ұшақтың кабинасы тоғыз жолаушы мен екі экипаж мүшелеріне арналған. Әуе такси қуаттағышпен және «Phinergy Ltd» компаниясының «ақылды» энергия таратушы жүйесімен жабдықталған. Бұл ұшақтың электр қуатын мүмкіндігінше тиімді түрде таратуға мүмкіндік береді.
2018 жылдың соңында ұшақ толығымен сынақтан өтсе кең көлемде өндіру жұмыстары басталады.
Ұшақтың салмағы шамамен алты тонна, қанатының ұзындығы - 13 метр, кеме ұзындығы - 12 метр. Ұшу мен қону үшін шағын әуежайлар қолдану жоспарланған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024