Алматы. 31 қаңтар. 7kun.kz – Қазақстанда 2019 жылы мұнай өңдеу көлемін 5%-ға арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл көрсеткіш 2019 жылы 17,2 млн тоннаға жетеді (2018 жылы – 16,39 млн тонна). Оның ішінде үш мұнай өңдеу зауытында (МӨЗ) 16,2 млн тонна шикізат өңдеу жоспарланған (2018 жылы – 15,34 млн тонна).
Министрдің мәліметінше, Атырау МӨЗ-де мұнай өңдеу көлемі 5,4 млн тоннаға, Шымкент МӨЗ-де – 5,4 млн тоннаға, Павлодар мұнай-химия зауытында – 5,4 млн тоннаға, «Конденсатта» – 0,22 млн тоннаға, CASPI BITUM-да – 0,77 млн тоннаға жетеді.
«Бұл көрсеткішті үш мұнай өңдеу зауытында 0,86 млн тоннаға немесе 5,6% -ға ұлғайту арқылы 2019 жылға қарай мұнай өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру 12,2 млн тоннаны құрайды», - деп түсіндірді Бозымбаев.
2018 жылы мұнай өнімдерін (әуе керосин, дизель отыны, бензин, мазут) шығару көлемі бойынша өсім 2017 жылмен (2017 жылы – 10,6 млн тонна) салыстырғанда 9,4% құрады.
Сонымен қатар, 2018 жылдың соңына қарай шикізатты қайта өңдеу көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 8,6%-ға артты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024