Астана. 14 ақпан. 7kun.kz - 2020 жылға қарай үкімет қарызының көлемі 11,9 трлн теңге болады. Бұл туралы қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.
«Болжалды есептеулерге сәйкес, 2020 жылға қарай үкіметтің қарызы 11 трлн теңге немесе ЖІӨ-нің 20,6 пайызын құрайды. Осы жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда қарыз алдағы үш жылда 1,3 есе өседі. Бұл кезде қарызды қайтару қиындай түсетіні сөзсіз. Дегенмен, бүгінгі жағдайда «Үшінші жаңғыру» жобасын іске асыру үшін үкімет бұл шараларды орынды деп есептейді. Сондықтан үкімет келер үш жылда бюджет саясатын оңтайландыру жобасын, сондай-ақ бюджеттің табысын арттыру мен макроэкономикалық жағдайды жақсарту шараларын ұсынады», - деді Бақыт Сұлтанов.
Одан бөлек, елдің көлік және тасымалдау әлуетін жақсарту үшін 127,2 млрд теңге бөлінеді. Оның ішінде жолды дамыту үшін республикалық және жергілікті бюджеттен 72,2 млрд теңге, Құрық портындағы паромды кешенді салу үшін 48 млрд теңге бөлінеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024