AliExpress платформасы 2020 жылдың қазанынан желтоқсанына дейінгі кезеңдегі сұраныстарына талдау жасап, қазақстандықтардың қандай тауарларға көбірек қызығушылық танытқанын анықтады.
3 айдың ішінде платформада 3,5 миллиардтан астам сұраныс жасалған. Олардың арасында киім-кешек, сән бұйымдары мен сән аксессуарларын іздеу басты тренд болған.
Ал қазақстандықтар 119 миллионнан астам сұраныс жасап, негізінен бижутерия, косметика, киім және іш киім іздеген. Оның 50,5 миллионнан астамы сырға, 20 миллионға жуығы сақина.
Құлаққап Қазақстан тұрғындарының іздеу сұраныстарының тағы бір көшбасшысы болып отыр, оларға платформада 71 миллионнан астам сұраныс түскен, ал сымсыз модельдер үлкен сұранысқа ие: осы девайстарға 42,6 миллион сұраныс тіркелген.
Бүкіл ел үшін өзекті бағыттардан басқа Қазақстанның әрбір қаласында AliExpress платформасында тауарларды іздеу бойынша бірегей трендтер қалыптасқан. Алматылықтар сұлулық пен сән бейнелерін жасауға арналған тауарлар іздейді. Өткен жылдың соңында зергерлік бұйымдарға, косметикаға, макияжға арналған қылқаламдарға, маникюрге арналған құралдарға, жасанды кірпіктерге және басқа да бьюти-тауарларға 21 миллионнан астам сұраныс жасаған, ал сырғалар осы санаттағы мінсіз фаворитке айналып, оларға 9 миллионнан астам іздеуге сұраныс жасалған.
Елордалық сәнгерлер зергерлік бұйымдар мен сұлулық өнімдерін іздеу тенденциясын қолдап, осы санаттар бойынша 10 миллионға жуық сұраныс жасалған. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтанда AliExpress пайдаланушылары фитнес білезіктер (4 миллион сұраныс), Xiaomi брендінің тауарлары (3,9 миллион сұраныс) және смартфондар (1,7 миллион сұраныс) сияқты түрлі гаджеттерге белсенді қызығушылық танытқан. Ал платформадағы жарты миллион сұранысқа ие болып отырған - елорда тұрғындарының ең танымал киімі худи.
Сарапшылар автокөлік жүргізушілеріне арналған тауарлар мен шаруашылық тауарларын іздеуде Шымкент қаласы тұрғындарының қалауы басымырақ екендігін анықтап отыр. Мәселен, шымкенттіктерден автотауарларды іздеуге 1 миллионнан астам сұраныс түскен, ал шаңсорғыштарға, оның ішінде робот-шаңсорғыштарға және жөндеу мен тұрмысқа арналған құралдарға сұраныс саны 800 мыңға жуық болып отыр.
Ақтөбеде AliExpress пайдаланушылары арасында балық аулауға арналған тауарларға сұраныс артып отыр: ақтөбеліктер осы санат бойынша жарты миллионнан астам сұраныс жасаған. Бірақ AliExpress сарапшылары осы аймақтың тұрғындары арасында аниме стиліндегі тауарларға, атап айтқанда Нарутоға деген қызығушылық жоғары екендігін айтады. Айтуларынша іздеуге сұраныстың саны 2020 жылдың соңғы 3 айында 1 миллионнан асып кеткен.
AliExpress іздеу жүйесінде 1,5 миллионнан астам осы сұранысты енгізген қарағандылық пайдаланушылардың да ақтөбеліктер сияқты анимеге деген үлкен қызығушылығы бар екенін байқауға болады. Сондай-ақ, платформадағы қарағандылық трендтер арасында зергерлік бұйымдарға (4,7 миллионнан астам сұраныс) және смартфондарға (1,6 миллион сұраныс) деген сұраныс жоғары екенін көрсетіп отыр.
Тараз тұрғындары құлаққап іздеу бойынша жалпықазақстандық трендті белсенді түрде қолдауда, қалада құлаққап іздеу сұранысы ең жоғары тауарға айналған: оған 1,2 миллионнан астам іздеу жасалған. Тараздық пайдаланушылар құлаққаптан өзге әрқайсысы шамамен 500 мың сұранысқа ие болған смартфон, олардың қаптамалары, сондай - ақ телефондарға арналған штатив тәрізді тауарларға қызығушылық танытқан.
AliExpress сарапшылары Павлодарда жылтыр және ерін далабы, көз контурлағыш (санат бойынша 800 мыңнан астам сұраныс) тәрізді сәндік косметикаға қызығушылықтың жоғары екенін байқаған. Сонымен қатар, павлодарлық пайдаланушылар платформада сырғаға 1,8 миллион, ал іш киімдерге 1 миллионға жуық сұраныс жасапты.
Сондай-ақ AliExpress сарапшылары қазақстандық пайдаланушылар арасында ересектерге арналған тауарларға деген жоғары сұранысты атап өтті, осы санаттағы сұраныстар саны 2020 жылдың қазанынан желтоқсанына дейін 13,5 миллионнан асты.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024