
Алматы. 19 желтоқсан. 7kun.kz — Қазақстанда ауылдарды дамытуға 2020 жылы республикалық бюджеттен 19 млрд теңгеден аса қаражат бөлінеді.
"2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" жобасына сәйкес облыстық бюджеттер "Ауыл – Ел бесігі" бағдарламасы бойынша іріктелген ауылдық елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын жақсартуға қаражат алады.
Бұл ретте ақшаның көп бөлігі Түркістан облысына бөлінеді - 4,4 млрд теңге. Сондай-ақ, 3 млрд теңге Алматы облысына бағытталады.
Бұдан басқа, 1 млрд теңгеден астам қаражат алты облысқа жіберіледі. Ақшаның ең аз бөлігі Шығыс Қазақстан облысына аударылады - 390,2 млн теңге.