Америкалық Newsweek-те 2020 жылы Ресей армиясында әскери роботтар пайда болады деген ақпарат пайда болды.
Интернет басылымның жазуынша Ресей қазіргі кезде әскери роботтарды жасауға белсене кірісіп отыр. Оған дәлел биылғы жылдың маусым айының 16-19 аралығында Подмосковьеде өтетін «АРМИЯ-2015» әскери-техникалық көрмес. Ол жерге 5 000-нан астам роботтандырылған әскери қару мен роботтар ұсынылмақ. Оларды арасында қазіргі кезде қолданысқа енгізілген, гранатомёт пен пулемётпен жарақтандырылған «Платформа-М» роботы бар. «Мұнымен қатар, көлік құралдары мен әскери атын құралдарын басқара алатын робот-аватар мен миналарды залалсыздандыратын «Уран-6» робот-сапёрі, өрт сөндіріп, қирандыларды тазалайтын «Уран-14» роботы, сондай-ақ суасты барлауымен айналысуға қабілетті барлаушы робот та таныстырылмақ. Бұлардың барлығы «Болашақтың әскері» жобасы аясында жасалуда» деп жазады басылым.
7kun.kz cайтында «Қару-жарақ» айдары ашылғанын хабарлаймыз. Алдағы уақытта әскери сала жаңалықтарымен қатар, қорғаныс саласы туралы танымдық, сараптамалық материалдармен де таныса аласыздар.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024