Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2021 жылы Қазақстанда қандай жолдар ақылы болады?

2021 жылы Қазақстанда қандай жолдар ақылы болады?

Алматы. 12 сәуір. 7kun.kz – Ағымдағы жылы 13 учаскеде төлем алу жүйесін орнату бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу аяқталады. Бұл туралы Kolesa.kz хабарлады.

Хабарламаға сәйкес, жобаларды мемлекеттік-жеке меншік (МЖС) серіктестік тетігі бойынша жүзеге асыру жоспарланып отыр.

2019 жылы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі МЖС туралы шарттарға қол қоя отырып, конкурстық рәсімдерді өткізеді. Жоспар бойынша, 13 учаскедегі құрылыс-монтаж жұмыстары 2020 жылы басталып, ал 2021 жылы төлем алу жүйесі іске қоссылады.

Төлем жүйесі орнатылатын автокөлік жолдары.

ЖолАрақашықтық (км)
1Қапшагай – Талдықорган 184
2Астана – Қостанай – РФ шекарасы (Троицк-ға) 741
3Щучинск - Көкшетау - Петропавл - РФ шекарасы (Қорғанға) 301
4Павлодар – РФ шекарасы (Омбы қаласына) 217
5Орал - РФ шекарасы (Саратов-қа) 100
6Нұр-Сұлтан - Павлодар 409
7Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы (Самараға) 518
8 Атырау – Доссор – Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы 502
9Ақтау - Бейнеу 470
10 РФ шекарасы (Орынбор қаласы) – Ақтөбе – Қызылорда 1 125
11Қызылорда - Шымкент - Тараз 649
12Тараз-Қайнар (Благовещенка кенті) 237
13Шымкент - Өзбекстан шекарасы 101

Похожие материалы