2021 жылы Ресейде алаяқтар банк клиенттерінің 13,6 млрд рублін ұрлаған, оның 6,8% ғана қайтарылған
2021 жылы алаяқтар банк карталары мен шоттардан 1 миллионнан астам аударымдар жасап, 13,5 миллиард рубльді ұрлаған. Банктер зардап шеккендерге тек 6,8% немесе 920,5 миллион рубль ғана қайтара алды. Бұл туралы Ресей Орталық Банктің шолуына айтылды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Алдыңғы жылы алаяқтық аударымдар саны бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 33,8%-ға және көлемі 38,8%-ға өсті. Орталық Банк клиенттерінің келісімінсіз аударымдардың өсуін онлайн-төлем сервистерінің белсенді дамуымен және ақша аударымдары көлемінің өсуімен түсіндіреді.
Ақша аудару бойынша операциялардың жалпы көлеміндегі алаяқтық аударымдардың үлесі өткен жылы 0,00130%-ды құрады. Бұл мән Орталық Банк рұқсат еткен алаяқтық операциялардың үлесінен 0,005% аспайды, бірақ 2020 және 2019 жылдармен салыстырғанда жоғары.
Реттеушінің мәліметінше, алаяқтар ұрлық үшін негізінен әлеуметтік инженерия әдістерін пайдаланады, яғни адам өз еркімен психологиялық әсер ету арқылы ақша аударады немесе деректерді ашады. Алаяқатардың қоңырау шалу сценарийлері көп өзгерген жоқ: зиянкестер өздерін «банк қауіпсіздік қызметкері», «құқық қорғау органдарының өкілі» немесе «Орталық Банк қызеткері» ретінде таныстырады.
Ақшаның негізгі бөлігі жеке тұлғалардан ұрланған – 12,1 миллиард рубль. Қалған 1,4 миллиард рубль компаниялардан ұрланған. Ресейліктер арасында әлеуметтік инженериямен жасалған ұрлықтың орташа сомасы 11,8 мың рубльді, заңды тұлғалардан – 349,6 мың рубльді (бір жыл бұрын - 11,4 мың және 347,8 мың) құрады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024