Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2022 жылдың соңына дейін 160-200 студенттер жатақханалары салынады

2022 жылдың соңына дейін 160-200 студенттер жатақханалары салынады
Алматы. 14 сәуір. 7kun.kz - Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ білім беру қызметтерінің төлем жүйесін дамыту департаментінің директоры орынбасары Алпамыс Сатыбалдин primeminister.kz сайтына берген сұхбатында айтып берді.  Алмас Сатыбалдиннің айтуынша, жатақхана құрылыс бастау үшін министрлік жергілікті әкімдіктерден жоғары оқу орындарының қажеттіліктері туралы мәлімет алынған. Сондай-ақ, құрылыс 2018 жылдан кешіктірілмей басталады екен. "2022 жылдың соңына дейін 160-200 жатақхана салынуы тиіс. Бүгінгі таңда біз қанша жатақхана салу керектігін есептеу үшін, әкімдіктерден ЖОО-лардың қажеттілігі туралы мәлімет алдық. Қажеттіліктер картасы әзірленіп жатыр, оған сәйкес құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Бірінші нысан 2019 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Құрылыс жұмыстары биыл басталады"-деді Алпамыс Сатыбалдин. Бұған дейін, Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова жатақханаларды салу үшін 118 млрд теңге бөлінетінін айтқан еді.

Похожие материалы