2022 жылы төлем балансы ағымдағы шотының профициті $7,2 млрд деңгейінде болады – Ұлттық банк болжамы
Нұр-Сұлтан. 27 тамыз. 7kun.kz - Төлем балансының ағымдағы шоты 2022 жылы экспортталатын шикізатқа жоғары баға аясында 7,2 млрд доллар деңгейінде қалыптасып, 2023 жылы 6,2 млрд долларға дейін қысқарады, деп хабарлады Ақылжан Баймағамбетов.
«2023 жылы төлем балансының әдіснамасы бойынша, тауарлар экспорты үкімет белгілеген шикізаттың жоғары бағасын сценарийлік түзетуге байланысты 80,9 млрд долларға дейін 0,9%-ға аздап төмендейді», - ҚР Үкіметі отырысында баяндама жасаған ҚР ҰБ төрағасының орынбасары.
Оның айтуынша тауар импорты жоғары деңгейде қалып, 45,7 млрд доллар болады.
«Шетелдік өнімге өсіп келе жатқан сұраныс халық пен бизнестің қажеттіліктерін өтеу үшін қазақстандық өндірістің жетіспеушілігіне, сондай-ақ фискалдық шығыстардың үлкен көлеміне байланысты», деді спикер.
Оның айтуынша ағымдағы шот профициті тұрақсыз, себебі дайын тауарлардың экспорты төмен деңгейде сақталған кезде шикізат бағасының өсуімен ғана қамтамасыз етіледі.
«Төлем балансының сыртқы шоктарға орнықты болуы – Үкіметтің шикізаттық емес экспортты өсіруге және тұтынушылық нарықтарды отандық тауарлармен толықтыруға бағытталған мақсаттарды іске асыру жұмысының тиімділігін арттыруды талап етеді», деді Баймағамбетов.
Қазақстанның төлем балансының ағымдағы шоты 2021 жылы $5,7 млрд.тапшылықпен қалыптасты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024