Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2023 жылы инфляция 7,5-9,5%-ға дейін төмендейді

2023 жылы инфляция 7,5-9,5%-ға дейін төмендейді

Астана. 19 қазан. 7kun.kzИнфляция 2025 жылға қарай 3%-ке дейін төмендейді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Ол мәжілістің жалпы отырысында 2023–2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы туралы баяндама жасады.

«Инфляция 2023 жылы 7,5-9,5 % деңгейінде, 2024 жылы – 4-5%, 2025 – 2027 жылдары 3-4% деңгейінде белгіленді», – деді Қуантыров.

Сондай-ақ Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтің айтуынша, Қазақстанда жылдық мәнде инфляция 17,7%-ке жетті. Оған азық-түлік бағасының 22,2%-ке өсуі айтарлықтай әсер еткен. Азық-түлікке жатпайтын инфляция да импорттық тауарлардың қымбаттай түсуінен және оларға сұраныстың жоғары болуынан 17%-ке дейін қарқын алды. Ақылы қызмет инфляциясы 12,3%-ті құрады.

«Қазір іске асырылып жатқан ақша-кредит саясаты аясында 2023 жылы инфляция біртіндеп 7,5-9,5%-ке дейін баяулайды. Әлемдегі азық-түлік бағасы өсімінің баяулауы, негізгі сауда әріптес елдердегі инфляцияның баяулауы да инфляцияны тежейді», – деді Пірматов.

Похожие материалы