Алматы. 21 ақпан. 7kun.kz – 2023 жылғы қаңтарда көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы 532,6 мың отбасына 33,1 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөзы қызметі хабарлады.
Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.
Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді. Көпбалалы отбасыларындағы:
- 4 баласы бар отбасыларғы – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;
- - 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;
- - 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;
- - 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;
- - 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 13 800 теңге мөлшерінде.
Еске салайық, мемлекеттік жәрдемақы 2020 жылы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілген болатын. Жәрдемақы төлеу кезінде көпбалалы отбасылардың табысы ескерілмейді.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5%-ға артты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024