2024 жылы Түркіменстан мен Қазақстанды Гарабогазгол шығанағы арқылы байланыстыратын жаңа автомобиль көпірі қолданысқа беріледі
Ашхабад. 17 маусым. 7kun.kz –Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Қазақстан мен Түркіменстан арасын қосатын көпір салу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Бейтарап Түркіменстан» үкіметтік газетінде жарияланған Жарлықта Түркіменстанның автомобиль жолдары құрылысын басқару жөніндегі мемлекеттік агенттігіне «Алтком Роуд Констракшн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен (Украина) екі жақты екі жолақты қозғалысы бар автомобиль көпірін жобалау және салу үшін келісім-шарт жасасуға рұқсат берілген.
Жаңа көпір Түркіменбашы-Гарабогаз-Қазақстан шекарасы тас жолының бойындағы шығанақ арқылы өтетін көлік жүктемесіне төтеп бере алмай тұрған ескі көпірдің орнына салынады.
Құрылыс жұмыстары 2022 жылдың шілде айында басталып, 2024 жылдың маусым айында пайдалануға беріледі.
«Жаңа көпір Ашхабад-Түркіменбашы мультимодальды тас жолының жалғасы болады және Түркіменстан мен Қазақстанды байланыстырады, бұл екі ел арасындағы көлік ағыны мен тауар айналымын арттыруға мүмкіндік береді», деп жазды газет.
Түркімен ақпарат құралдарының хабарлауынша, жобаға сәйкес, Гарабогазгол шығанағы арқылы өтетін көпірдің ұзындығы 354 метрді, ені 21 метрді құрайды.
Қазіргі уақытта «Ашхабад-Түркіменбашы» жедел жолына қосылатын ұзындығы 225 шақырымды құрайтын Түрікменбашы-Гарабогаз-Қазақстан шекарасы автожолы қайта жөндеуден өтуде.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024