Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2025 жылы Қазақстанға 45 тікұшақтың жинағы жеткізіледі

2025 жылы Қазақстанға 45 тікұшақтың жинағы жеткізіледі

Мәскеу. 24 қазан. 7kun.kz - 2017-2025 жылдары "Вертолеты России" холдингі Қазақстан аумағында Ми-8АМТ/Ми-171 бөлшектерін жеткізіп, оны құрастырумен айналысады. Бұл туралы холдинг баспасөз қызметі хабарлайды.

"Ресей тікұшақтары" холдингі ("Ростех" мемлекеттік корпорациясы құрамында) "Қазақстан инженеринг" ҰК" АҚ және "Авиаремонтный завод № 405" (Қазақстан) ынтамақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Бұл келісім Қазақстанда Mи-8AMT/Mи-171 тікұшақтарын ауқымды көлемде құрастыруға және тікұшақтың өмірлік циклін қолдау жүйесін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 2025 жылы 45 тікұшақтың жинағы жеткізелетін болады.

Жылдың соңына дейін алғашқы үш тікұшақ жиынтығын жеткізу туралы келісімге қол қойылады. Келесі жылдан бастап тараптар жиынтықтарды жеткізуді кезең-кезеңімен орындау туралы келісімге отырады.

"Қазақстандағы серіктесіміз бізге 2017-2025 жылдары өз аумақтарында тікұшақты құрастыру өндірісі туралы бастама көтерді. Біз қазір тікұшақ тұтынушыларының талаптарына сәйкес тікұшақты түрлендіру мүмкіндіктерін қарастырып жатырмыз",-дейді «Ресейлік тікұшақтар» холдингінің бас директоры Андрей Богинский.

Mи-8AMT тікұшағы Ми-8 тікұшағының қосалқы қуат қондырғысы және Вр-14 редукторы бар заманауи түрленген түрі. Сондай-ақ тікұшақ 4 тоннаға дейінгі ауыр жүктерді тасымалдай алады.

Ми-171 Мәскеудің ұшақ зауытында құрастырылып, Улан Удэн авиациялық зауытында өндіріледі. Тікұшақ VIP- жолаушыларды, жолаушыны және 4000 кг жүкті тасымалдауға арналған. Сонымен қатар, тікұшақ арқылы іздеу және құтқару жұмыстары мен өрт сөндіру қызметтерін атқаруға болады.

 

Похожие материалы