Нұр-Сұлтан. 14 қыркүйек. 7kun.kz – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова журналистердің 2028 жылдан кейін әйелдер зейнетке неше жастан бастап шығады деген сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
БАҚ өкілдері министрге елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің кулуарында сұрақ қойды.
«Оны 2028 жылдан кейін көреміз. Зейнет жасы өмір ұзақтығына, денсаулығына, зейнетақының мөлшеріне байланысты белгіленеді. 2028 жылға дейін осы мәселелер бойынша қараймыз. Ары қарай уақыт көрсетеді», – деді Дүйсенова.
Министр қазақстандық әйелдер 2023 жылдан бастап 61 жасында зейнетке шығатынын және бұл норманың 2028 жылға дейін күшінде болатынын атап өтті.
Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін заң жобасына тиісті өзгерістер енгізіліп, үкімет мүшелерімен келісілген. Енді құжат мәжіліске өтеді.
Еске салайық, 1 қыркүйекте Қазақстан президенті әйелдердің зейнет жасы 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде белгіленетінін мәлімдеген болатын.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024