2030 жылға қарай туристер үшін ең тартымды болатын ел анықталды
13 қараша, 2018
Алматы. 13 қараша. 7kun.kz – Кейбір азиялық елдер үшін виза алу тәртібі қазірдің өзінде жеңілдетілді, бұл Қытайдың осы салада көшбасшы болуына ықпал етуі тиіс. Euromonitor International компаниясы жүргізген зерттеулерге сәйкес, 12 жылдан кейін Қытай әлемде туристердің ең көп баратын елі және саяхатшылар саны бойынша да көшбасшы болады. Зерттеу нәтижелерін The Guardian әзірледі.Сарапшылардың пайымдауынша, Қытай Азия елдерінен, оның ішінде Тайвань мен Гонконг туристерінің көмегімен көшбасшылыққа шыға алады. Осылайша, 2030 жылға қарай ҚХР Францияны басып озып, әлемнің ең танымал елі болады.Сонымен қатар, Қытай шетелге шығатын саяхатшылардың саны бойынша да көшбасшы болуға үміткер. Сарапшылар 2030 жылға қарай Аспан асты елі АҚШ пен Германияны жетекшілік позициясынан ығыстырады деп санайды.2023 жылға қарай Қытайда ішкі туризм де өседі деп күтілуде: ел тұрғындары 6,7 миллиард сапар жасайды, бұл 2018 жылға қарағанда 42,5% - ға артық.