Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2030 жылы кедейлердің саны 100 миллионға артуы мүмкін

2030 жылы кедейлердің саны 100 миллионға артуы мүмкін

Жаһандық жылыну әсерінен 2030 жылы кедейлердің саны 100 млн-ға артады.Мұндай мәліметті Дүниежүзілік банк келтірді деп жазады vestifinance.ru.

Банк есебіне сәйкес, кедейлердің санын төмендету - БҰҰ-ның басты тапсырмаларының бірі. "Климаттық өзгерістер халықтың кедей тобына әсерін тигізуде. Біздің мақсатымыз - климаттық өзгерістерге байланысты болатын кедейліктен миллиондаған халықты қорғау" – деді Дүнижүзілік банк төрағасы Джим Йонг Ким. Банктің болжамы бойынша, егер дамушылық бәсең болса, 2030 жылы 100 млн адам кедейленіп, 900 млн халық жоқшылықта өмір сүреді. Банк 2015 жылғы кедейлердің саны 702 млн адам деп көрсетті. Климаттық өзгерістер қазірдің өзінде халық жағдайының әлсіреуіне әсер етуде. Ауыл шаруашылығы жерлерін игеру нашарлап, су тасқындары үйлерін шайып кетіп жатыр. Зілзала көбейіп, халық түрлі ауруға шалдығуда. Бұл Африка мен Оңтүстік Азия елдерінде жиі байқалады. Фото: financehack.ru

Похожие материалы