Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

23 мамырдан бастап "Болашақ" стипендиясына құжаттар қабылданады

23 мамырдан бастап "Болашақ" стипендиясына құжаттар қабылданады

Нұр-Сұлтан. 17 мамыр. 7kun.kz – «Болашақ» бағдарламасы бойынша Магистратура, докторантура және резидентура бойынша шетелдік ЖОО-да оқуға ниет білдірушілер өтінімдерді Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады, деп хабарлайды 7kun.kz.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше 2022 жылдың 23 мамырынан "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін құжаттар қабылдау басталады. Ол 2022 жылдың 14 қазанына дейін жалғасады. Ал шетелдік оқу орнында тағылымдамадан өту үшін құжаттарды қабылдау 5 қыркүйекте басталады.

Конкурстық іріктеудің өзі 2022 жылғы 30 мамырдан 30 қарашаға дейін өтеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында "Болашақ" бағдарламасы аясында техникалық мамандықтар басымдыққа ие болады. Осы бағыт бойынша стипендиаттар саны мен жоғары оқу орындарының саны ұлғаймақ.

Биылғы жылы магистратура және резидентура бойынша оқуға 385 стипендия, докторантура бағдарламалары бойынша 60 стипендия бөлінді.

Министрліктің хабарлауынша, «Болашақ» стипендиясының иегерін анықтау үш кезеңнен тұрады:

  • Кешенді тестілеу,
  • Тәуелсіз сарапшылық комиссия мүшелерімен бетпе-бет сөйлесу,
  • Шетелде мамандарды даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысында құжаттарды қарау.

Похожие материалы