Экономика
24 қазанға арналған металл және мұнай бағамдарына шолу
Алматы. 24 қазан. 7kun.kz - Жиырма төртінші қазанға арналған металл және мұнай бағамдарының бағалары анықталды, деп хабарлайды kapital.kz
Мұнай: Мұнайдың әлемдік бағасы белсенді түрде төмендеді. Лондонның ICE Futures биржасында Brent мұнайының желтоқсан фьючерстерінің құны 21:49-да 2,16 долларға (2,71%) арзандап, баррелі 77,67 долларды құрады.WTI мұнайының фьючерстері бұл уақытта 1,95 долларға (2,81%) арзандап, баррелі 67,41 доллар болды.
Металл: Алтын бағасы аздап өзгерді. 21:56-да, Нью-Йорктегі COMEX тауар биржа бөлімшесінде желтоқсандағы алтын фьючерстері 15,50 долларға (1,27%) қымбаттап, бір троялық унциясы 1 236,80 долларға сатылды. Күміс фьючерсінің құны 0,88%-ға көтеріліп, бір троя унциясы 14,7 долларға сатылды.
Криптондық валюталар: Coinmarketcap.com порталының мәліметтері бойынша 21:52-де bitcoin 6 469,57 долларға сатылды. Соңғы 24 сағатта бірінші криптондық валюта 0,33%-ға арзандап, оның капитализациясы 112,1 млрд долларды құрады. Осы уақытта Ethereum 0,97%-ға арзандап, 202,59 долларға бағаланды. Бұл криптондық валютаның капитализациясы 20,8 млрд долларды құрады. Әлемдік нарықтың капитализациясы — 209,1 млрд доллар.