Астана. 26 мамыр. 7kun.kz – Тәуелсіздік жылдары Қазақстанға 255 млрд доллар көлемінде шетелдік инвестиция тартылған. Бұл туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаев IX Астана экономикалық форумының жалпы отырысында мәлімдеді.
«Біз жетекші трансұлттық компаниялармен тиімді ынтымақтастықты орнатуға мүмкіндігік алдық. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанға шетелдік инвестицияның 255 млрд доллары тартылды»,- деді Президент.
Сондай-ақ, Н.Назарбаевтың айтуы бойынша, еліміздің халықаралық резервтер көлемі дағдарысқа қарамастан, оған Ұлттық қордың қаражатын қосқанда ЖІӨ-нің шамамен 50 пайызын немесе 95 млрд долларды құрайды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024