Астана. 17 қараша. 7kun.kz - Қазақстанда тәуелсіздік алғаннан бері мемлекеттік бюджет есебінен 1312 денсаулық сақтау нысаны салынған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің баспасөзі хабарлады.
1312 нысанның ішінде: 176 аурухана, 144 клиника, 8 медициналық ғылыми орталық, 32 маманданған медициналық орталық пен 907 емхана және 45 мамандандырылған денсаулық сақтау мекемесі салынып, пайдалануға берілді. Соның 87%-ы - алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдар.
ҚР Президентінің 2007 және 2011 жылғы жолдауындағы «100 мектеп, 100 аурухана» мен «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт және емхана құрылысы» жобалары негізінде 360 миллиард теңге жұмсалған.
Қазіргі таңда 65 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Соның 26-сы осы жылы аяқталса, қалған 39-ы 2017 жылы аяқталады деп жоспарланған.
Асылан Құрмаш, «7»
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024