Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовтың ісіне қатысты алдын-ала тыңдалым уақыты белгіленді. Бұл туралы Қарағандының облыстық соты хабарлайды.
Алдын-ала отырыс 27 шілдеде өтеді. Осыған дейін Серік Ахметовтың ісі сотқа жіберілді деп хабарланған еді. Бұрынғы премьер-министрден бөлек Қарағанды облысының экс-әкімі Бауыржан Әбдішев пен Қарағанды қаласының экс-әкімі Мейрам Смағұлов және облыстық әкімшілік пен коммерциялық ұйымдардың бұрынғы қызметкерлері де тергеуден өтіп жатыр. Барлығы 21 адам. Еске салайық, Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов 2014 жылдың қарашасында үй қамағына алынған еді. Ол ірі көлемде қаржы жымқырды, мемлекеттік лауазымын заңсыз пайдаланды және заңсыз түрде кәсіпкерлік әрекетке араласты деп айыпталып отыр. Тергеу мәліметі бойынша, министрлер кабинетінің бұрынғы басшысы 2,4 млн доллар көлемінде пара алған.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024