Қазақстандағы ұлттық компаниялар қысқартылып, бірігуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында мәлім болды.
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Өмірзақ Шүкеев ірі активтердің жекешелендіруге қатысатыны туралы жария болғанын хабарлады. "Мысалы "ҚазМұнайГаздың" 206 компаниясының тек 75-ін қалдыру туралы шешім қабылданды. Мұнай өндіру зауыттары мен жанармай бекеттерін қоса есептегенде "ҚазМұнайГаздың" 51 пайызы сату арқылы жекешеленеді. Сондай-ақ, "KMG International N.V." компаниясының 51 пайызы сатылуы мүмкін", - деді Ө.Шүкеев. "Қазтрансгаз" пен "Қазтрансойлды" алдағы уақытта біріктіру туралы ұсыныс айтамын. Газ саудасына қатысты сұрақтарды басқа компаниялармен бірігіп шешу керек", - деді ол. Сондай-ақ, ол аталған мәселе басқада ірі компанияларға қатысты екенін атап өтті. "Қазақстан Темiр Жолының" 102 компаниясын 32 компанияға дейін қысқарту үшін бағдарлама дайындалды. "Локомотив" және "Қазтеміртранс" комапнияларын біріктіріп, тек бұғаттаушы пакеттерін қалдырып, локомативтермен қоса жүк тасымалының 75 пайызын сату туралы ұсыныс айтылып отыр. ҚТЖ-ның тек 100 пайыз инфрақұрылымдық және логистикалық активтері қалады. Сондай-ақ, "Казатомпромның" 82 компаниясын 38 -ге дейін қысқарту жоспарлануда", - деді Ө.Шүкеев. Фото: i-news.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024