Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық шенеуніктер кірістері мен шығыстары туралы ақпарат беретін болады

Қазақстандық шенеуніктер кірістері мен шығыстары туралы ақпарат беретін болады
Мемлекеттік қызметкерлердің табыстары мен шығыстары туралы ақпарат жариялануы тиіс. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жөніндегі ТМД Мемлекетаралық кеңесінің отырысында ҚР Президентінің көмекшісі- Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев айтты деп хабарлайды Zakon.kz. ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қазақстан Президентінің дербес, кәсіби мемлекеттік аппарат құруды, заң үстемдігін қамтамасыз етуді, экономиканы индустрияландыру және әртараптандыруды, транспаренттік және қоғамдық үкімет құру тапсырмасын бергенін атап өтті. "Осы тапсырмаларды орындау үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қабылданды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру деген шараларды енгізу қамтылатын болады. Сонымен қатар қаржылық бақылау шаралары да. Бұрын мемлекеттің лауазымды тұлғалары мен квазимемлекеттік сектор субъектілері тек өздерінің табысы туралы ақпаратты ұсынса, енді декларацияларында шығындарын да көрсететін болады",- деді Нұрлан Ермекбаев. Сонымен қатар ол келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап "Қоғамдық кеңес туралы" және "Ақпаратқа қолжетімділік" заңдарының күшіне енетіні туралы айтты. Фото: locman.kz 

Похожие материалы