Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Kaspi Bank төрағасы қаржы нарығындағы соңғы оқиғаларға қатысты пікір білдірді

Kaspi Bank төрағасы қаржы нарығындағы соңғы оқиғаларға қатысты пікір білдірді
Кеше еліміздегі ең ірі банктердің бірі - "Kaspi Bank" АҚ Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе  журналистермен кездесіп, қаржы нарығындағы соңғы оқиғаларға қатысты пікірін білдірді. Атап айтқанда Ұлттық банктың жаңа басшысы, акционерлер арасында президент туысының пайда болуы және теңгелік депозит бойынша сыйақы мөлшерлемесін көтеру туралы ойларымен бөлісті.  Ұлттық банктың жаңа басшысы Данияр Ақышев туралы  Данияр Талғатұлы Ұлттық банкте, президент әкімшілігінде жұмыс істеген. Өте кәсіпқой адам. Мен үшін өте ақылды және білікті адамдардың бірі Григорий Марченкомен (Ұлттық банктың бұрынғы басшысы - 7kun.kz) бірге жұмыс істеген. Банкирлер жинақтарын қандай валютада сақтайды? Жақында банктердің басқарма төрағаларымен кездесуінде мен "қайсыларыңыз жинақтарыңызды теңгемен сақтайсыздар" деп сұрадым. Бір де біреуі қолын көтерген жоқ. Егер өзіміз теңге сенім артпасақ, қалай халық тарапынан сенім болуы керек деп күтеміз? Михаил Ломтадзе кешегі кездесу барысында дәл осы сұрақты журналистерге де қойған еді. Алайда қол көтерген ешқайсы болмады. Теңгенің беделін көрету туралы  Біз банк нарығында тағы да мақсатымыздан ауытқып кеттік. Ал мақсат қандай еді? Экономикалық өсімді қаржыландыру, долларсыздандыру, теңгеге сенім арту. Әрине, жағдай жақсара түседі. Менің ойымша, банк секторындағы долларлы депозиттердің үлесі үштен екі бөліктен аспайды. Ұлттық валютаға сенім арттырудың бір құралы - қаржылай ынталандыру. Егер біз теңгені еркін айналымға жіберсек, онда депозит бойынша мөлшерлеме де еркін айналымға кетуі керек. Мен осындай ұсыныс тастаған едім, өкінішке орай, әріптестерім тарапынан да, реттеуіш тарапынан да қолдау таппадым. Kaspi холдингке Президенттің туысы Қайрат Сатыбалды туралы Неге болмасқа? Жақсы қарым-қатынастамыз. Әсіресе, Вячеслав Киммен ұзақ уақыттан бері дос. Стратегия, даму бойынша пікірлеріміз дәл келді. "Жоспарымызды қолдайтын осындай әріптесіміз болса, тамаша болады" деді акционерлер де. Барлық акционерлер бақытты, барлығы болашаққа сенеді. Бірақ қарым-қатынасымызға жеке достық пен ары қарай қалай дамимыз, 3-5 жыл ішінде қандай стратегияны іске асырғымыз келеді деген ниетіміз негіз болады. 12248845_740272839436396_317712527_n Ұлттық банктың құралдары мен айла-шарғы туралы  Біздің ойымызша, Ұлттық банктың курсқа әсер ететін қарапайым құралы бар - валютаны сату не сатпау. Бірақ құралдар бұдан да көп. Олардың көмегімен курсты қалпына келтіруге болады. Адамдар 2 млн долларымен биржаға шығады де, бағамды 20-30 пайызға көтеріп жібереді. Бұл тіпті дұрыс емес. Реттеуіштің осының алдын-алатын нақты құралдары бар. Валютаға айла-шарғы жасауа болады, бірақ ол тым шектен шықпауы керек. Теңге курсы туралы Курс бойынша болжам айта алмаймын. Жағдайға геосаясатты қосқанда менің бақылауымнан тыс өте көптеген факторлар әсер етеді. Бірақ Қазақстандағы макрожағдай басқа елдермен салыстырғанда әлдеқайда жақсы. Ұлттық қор мен елдің ресурсы өте маңызды рол ойнайды.  

Похожие материалы