"Ақ жол" партиясының жақтаушылары Ұлттық банк басшысы несие пайыздарын қадағалап, теңге курсын реттеу керек дейді. Бұл туралы total.kz хабарлайды.
"Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевтың сөзінше, еркін курс айналымының басымдықтары бар. "Халықаралық валюта қорының мәліметі бойынша, ұлттық валютаның 10%-ға құлдырауы орташа есеппен экспорт көлемін 1,5%-ға ұлғайтқан және қаржы реттеушісіне деген сенімді жоғалтып, несиелендірудің азаюына, инфляцияның болуына әсерін тигізіп отыр. Сондай-ақ, ұлттық валюта спекулятивті шабуылдарға тап болуда", -деді ол. А. Перуашев валюталық сақтандырудың жолдарын қарау керектігін жеткізді. Бұл резервтік валюталарды сатып алған кәсіпкерлердің сақтануына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ол банктік қызмет нарығында Ұлттық банк (реттеуші) әрекетін бақылау керек деген ұсыныс айтты. Фото: fanatik.kzПохожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





