Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

28 наурыз Ресейде қаралы күн деп жарияланды

Алматы. 27 наурыз. 7kun.kz - Кемероводағы сауда орталығында болға өрт кезінде 64 адамның қаза табуына байланысты 28 наурыз Ресейде қаралы күн деп жарияланды, деп хабарлайды kremlin.ru. 

Бүгін Владимир Путин бұл туралы жарлыққа қол қойды.

Бұған дейін Ресейдің сегіз өңірінде қаралы күн деп жарияланған. Мәскеу мен Санкт-Петербургте ресми де, бейресми де шаралар өткізілді. Ел президенті Владимир Путин Кемеровоға барған. Ол онда өртенген ғимарат қабырғасындағы уақытша жасаған мемориалға гүл қойып, қаза тапқандардың әруағына тағзым еткен.

 

Похожие материалы