Оның сөзінше, бонустардың төленбеуі - экономикалық жағдаймен байланысты. "Ешқандай түсім болып жатқан жоқ. "Самұрық-Қазынада" ешкім бонус ала алмайды", - деп жауап берді ол қарапайым жұмыскерлердің жұмыс аптасын қысқартқанмен, неліктен топ-менеджерлерге көп бонус төленетіні туралы журналистердің қойған сұрағына.
Өмірзақ Шүкеев бонус туралы жетекшілермен талқылау дұрыс емес екенін, әрі мемлекеттің инвестициялық климатына кері әсерін тигізетінін атап өтті.
"Өркениетті қоғамда менеджерлердің бонусы туралы ашық талқылауға болмайды. Бұл инвестициялық жағдайға әсер етеді. Егер біз менеджерлердің бонусын парламентте, мәжілісте талқылап отырсақ бізге ешкім келмейді. Бұл әбестік. Сондықтан мұндай нәрселерден аулақ болғанымыз жөн", - деді ұлттық қор басшысы.
Фото:nur.kzПохожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024