Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның іскер әйелдері ЕҚҚДБ-інен 50 млн доллар алады

Қазақстанның іскер әйелдері ЕҚҚДБ-інен 50 млн доллар алады

Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) Қазақстандағы әйелдер басқаратын шағын және орта бизнесті дамыту үшін 50 млн доллар бөлуге ниетті, деп хабарлайды Caravan.kz.

Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Әйелдердің IV еуразиялық саммитінде ЕҚҚДБ-нің басқарушы директоры Клаудио Виецолле мәлімдеді. Оның сөзінше, елімізде шағын және орта бизнесті дамытуға зор әлеует бар.  "Біз осы себептен де "Әйелдер бизнесте" деп аталатын жаңа бағдарламаны іске қостық. Қазақстан Орталық Азия елдері ішіндегі біздің осы бағдарламаны іске асырған алғашқы мемлекет болды",- деді К. Виецолле. Ол сонымен қатар, әйелдер бизнесін дамыту үшін бөлінетін ақшаның екінші деңгейдегі банктерге аударылатынын және алдағы уақытта әйелдер басқаратын шағын және орта кәсіпорындарына несие түрінде берілетін мәлімдеді. "Біз қаржы бөлумен қатар банк ұсынатын техникалық көмекті де ұсынамыз",- деді ол. Сондай-ақ ЕБҚҚД-ның Қазақстандағы алғашқы ірі инвестор болып табыладатын әрі өзара тиімді ынтымақтастықта жұмыс жасауға дайын екенін атап өтті.  Фото:gazeta.ru 

Похожие материалы