Қазақстан Үкіметі 8 желтоқсанда дағдарысқа қарсы үш жылға арналған бірыңғай жоспарды қабылдайды. Бұл туралы Парламент Сенатының отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлімдеді.
Парламент Сенатының кеңейтілген отырысында 2016-2018 жылдарға арналған үш жылдық бюджет талқыланды. Кәрім Мәсімов депутаттардың заң жобасын мақұлдағаннан кейін, дағдарысқа қарсы бағдарлама қабылданатынын айтты. 8 желтоқсанда өтетін кеңейтілген отырыста екі бағдарлама қабылдауды жоспарлап отырмыз. Біріншісі - алдағы үш жылға арналған дағдарысқа қарсы бағдарлама. Яғни біз осы уақытқа дейінгі барлық бағдарламаларды жинақтаймыз. Бұл дағдарысқа қарсы үш жылға арналған бірыңғай жоспар деп аталатын болады",- деді Премьер-Министр. Екінші бағдарлама - тиісті министрліктер әзірлеген жұмыспен қамту картасы. Оның айтуынша, 2008-2009 дағдарыс жылдарынан алған тәжірибе, бүгінгі күні пайдасын тигізуі мүмкін. Ол сондай-ақ үкіметтің дағдарысқа қарсы қозғалыс жұмысына сәйкес, үш негізгі бағытты атады. "Бірінші - Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылып жатқан жаңа экономикалық саясат. Екінші - реформаның жалғасы. (...) Үшіншісі - біздің жоспарлардың жүзеге асырылуы және барлығына - халыққа, шаруашылық жүргізуші субъектілерге оның түсінікті болуы", -деді үкімет басшысы. Фото:aktau-business.comПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024