2015 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанның республикалық бюджет тапшылығы 3,7 млрд долларды құрады. Еуразиялық экономикалық одақ арасында жоғары көрсеткішке Ресейге тиесілі. Олардың бюджет тапшылығы 10,8 млрд долларға жеткен деп хабарлайды Еуразиялық экономикалық комиссиядан (ЕЭК).
2015 жылдың алғашқы 9 айында Қазақстанның республикалық бюджетінің табысы 22,5 млрд долларды, ал шығыны 26,2 млрд долларды құрады. Тапшылық өткен жылмен салыстырғанда 15,6 пайызға өсті. Осыған дейін ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев 2015 жылдың қорытындысы бойынша, бюджет тапшылығы 1,26 трлн теңгеге (ЖІӨ-нің 3%-ы) жетеді деген еді.ЕАЭС-тегі басқа елдермен салыстырсақ, Арменияда аталған көрсеткіш 300 млн долларды құрайды. Беларусьта 1 млрд доллар көлемінде профицит тіркелді. Ал Қырғызстанда бюджет табысы мен шығыны арасындағы айырмашылық нөлге тең болды.
Айта кетерлігі, өткен жылы республикалық бюджет тапшылығы тек Қазақстанда тіркелген еді. ЕАЭС-тағы өзге елдерде бюджет профицитпен орындалды яғни табыс шығынға қарағанда артық болған.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024