"Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясының Алматыдағы вагон жөндейтін зауыты жекешелендірудің екінші толқынында 4,7 млрд теңгеге сатылды. Бұл туралы мемлекеттік мүлік комитетінен хабарланды.
Нысанның 100% үлесі Алматыдағы заңды тұлғаға сатылған. Саудада екі қатысушы болған. Зауыттың құны 2014 жылдың 1 қаңтарындағы бағамы бойынша 2,2 млрд теңге болған.
Бұдан бөлек, комитет мәліметі бойынша, саудаға "Бәйтерек" холдингінің төрт микрокредиттік ұйымдары қатысқан. Мысалы "Адал-Invest" ұйымының 28,5% үлесі 1,6 млрд теңгеге бағаланған. Сондай-ақ,"Жайнар" (36%, 2,4 млн теңге), "Вест-финанс" (39,5%, 804 мың теңге) және "Эконом" (16,6%, 1,5 млн теңге) микрокредиттік ұйымдары бар.
Аталған нысандарға қатысты сауда 2015 жылдың 29 желтоқсанда болады.
Еске салайық, Қазақстанда жекешелендірудің екінші деңгейі өтіп жатыр. 2015 жылдың 27 қарашасында құны 76,4 млрд теңгені құрайтын 227 нысан сатылды.
Фото: today.kz
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





