Экономика
Н. Назарбаев: Салық көлемін арттыру - қиындықтан шығудың жолы емес
Салық көлемін арттыру - қиындықтан шығудың жолы емес. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік сарайында «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» тақырыбында жасаған кезекті жолдауында атап өтті.
Президенттің айтуынша, қазіргі таңда бюджетке түсетін салық көлемін 20 пайызға төмендету қарастырылып жатыр. "Бюджетке түскен ақша көлемі 20 пайызға төмендегенін халық түсіну керек. Бюджет деген не? Бұл әскерге, құқық қорғаушы органдарға, мұғалімдерге, дәрігерлерге полицияға төленетін жалақы. Міне, осы сома азайды. Біз оны мектеп пен аурухана салуға жұмсадық", -деді Н.Назарбаев.
Президент мемлекет қажетті шараларды қарап жатқанын атап өтті. "Қосымша құн салығының көлемі 25%-ға түсті, ал кәсіпорындар төлейтін корпоративті салық көлемі 13%-ға азайды. Өйткені металдардың, химиялық өнімдердің, өндіріс кәсіпорындарының тауарларының сатылымы азайды. Мұндай жағдайда салық көлемін арттыру - қиындықтан шығудың жолы емес. Бұдан біз бизнеске қысым көрсетеміз. Біз оған жол бермеуіміз керек", - деді Н.Назарбаев.