Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жаңа жолдау: Үкімет не істеуі керек?

Жаңа жолдау: Үкімет не істеуі керек?

30 қараша күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі жолдауын жариялады. «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» тақырыбында жасаған кезекті жолдауында Мемлекет басшысы әлемдік дағдарыс пен экономикалық ахуалға баса назар аударды. Үкіметке нақты тапсырмалар берілді.

Қаржы секторы мен салық туралы Теңгенің еркін айналымға өтуіне байланысты қаржы секторының қызметі мен шарттарының тиімділігін арттыру керек. Ұлттық валюта курсын ретке келтіру тәжірибесі Ұлттық қор есебінен жүргізілмейді. Ұлттық банк несиемен жұмыс істемейтін банк секторларының субъектілеріне арнайы сараптама жүргізуі керек. Оның нәтижесі бойынша оларды мойындау немесе нарықтан  шығарып тастау шараларын қолға алған жөн. Капиталданыру мәселелерін шеше алмаған банктер қаржы жүйесінен түбегейлі кету керек. Қазақстандық банктер Базельдік халықаралық валюта қоры комитеті сияқты халықаралық стандарттарға сай болуы қажет. Бірыңғай зейнетақы қоры, проблемалы несие қорлары және қаржы институттары Ұлттық банктің бақылауында болуы тиіс. Қазіргі уақытта Ұлттық қордан жұмсалып жүрген қаржыны қолдануды тоқтату керек. Ұлттық қордың басты механизмі - бұл жыл сайынғы республикалық бюджетті белгілеу. Жолдау барсында Президент айтылған жобаларды жүзеге асыруға 7,5 трлн теңге қаржы бөлінгенін хабарлады. Үкіметтің басты міндеті - салық жүйесін айқын көрсету. Тиімсіз салықтық жеңілдіктердің барлығынан бас тартқан дұрыс. Салық жүйесін оңтайландырып, тек үш түрін қалдыру керек. Біріншісі, бəрімізге белгілі үш ортақ салық. Екіншіден, жеке кəсіпкерлерге арналған салық, үшінші салық түрі ретінде шағын жəне орта кəсіпкерлік пен аграрлық секторға арналған арнайы салық режимін енгізу керек. 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық кіріс-шығыс есептері жарияланып отырады. Осыдан соң Еуропа экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЕЭЫДҰ) көмегімен есептер мен активтер туралы ақпаратты ашық көрсету, салықтың қайдан шыққанын түсіндіру шаралары қолға алынады. Бюджет қаржысының жұмсалуы мен Ұлттық компаниялардың жұмысы туралы Үкіметке барлық бюджеттік бағдарламалар бойынша толық есеп жүргізу жұмысы тапсырылды. Дағдарыс жағдайында әрбір жұмсалған ақша маңызды. Индустриялық және аймақтық даму бағдарламаларына қатысты шығындар қарастырылуы тиіс. Сондай-ақ, субсидия мен мемлекеттік жүйе шығындарын қайта қарау керек. Тиімсіз шығындар немесе жеке сектор есебінен жабылып жатқан шығындар бюджетте болмауы тиіс. "Самұрық-Қазына"  және "ҚазАгро" холдингтері ауыл шаруашылығы мен өндірістің көлемді активтерін тиімсіз жүзеге асырып отыр. "ҚазАгро» және «Бәйтерек» бюджет пен банк арасындағы бәсекелестікке ілеспейтін делдалдарға айналды. Сондықтан Үкіметке мемлекет иелігіндегі барлық ұйымдарды қамтитын жекешелендіру туралы жаңа бағдарлама әзірлеу тапсырылды.  Оның ішінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, «Бәйтерек» және «ҚазАгро» бар. Мемлекеттің экономикалық дамуы  Алдағы он жыл ішінде Қазақстанның жыл сайынғы экономикалық өсімі 5% деңгейінен түсірмеуді қамтамасыз ету керек. Экономика үшін салынған инвестиция көлемі жыл сайын 10 млрд доллар болып, 10 жыл ішінде 100 млрд доллардан кем болмауы қажет. Сондай-ақ, 660 мыңнан аса жұмыс орындары құрылып, еңбек өндірісі екі есеге артады. Инвестициялық климат пен инвесторларды тарту мақсатына бағытталған Үкімет кеңесін құру жоспарлануда. Тиімсіз, табыссыз компаниялар мемекетте болмағаны жөн. Сол себепті үкіметке физикалық және заңды тұлғалар үшін банкроттық ұшырау туралы арнайы заң жобаларын дайындау тапсырылды. Күнде болып жатқан жасанды баға сияқты нарықтағы бұрмалаушылықтарды жою керек. Алдағы уақытта үкіметке экономиканың барлық секторы үшін баға белгілеу ісін жалғастыра беруді тапсырамын. Қазіргі уақытта қалыпты экономикалық өсімді сақтап қалу үшін ішкі ресурстарға артық салмақ түсірмеу керек. Бұны жүзеге асырудың екі тиімді жолы бар: жекешелендіру ісін қолға алу және бәсекеге қабілеттілікті арттыру. Экономикалық өсімнің дамуы - экспорттық кірісті қамтамасыз ететін жаңа драйверлердің жүзеге асырылуымен тікелей байланысты. Жаһанда болып жатқан дағдарысқа тек әртараптандырылған экономика ғана төтеп бере алады. Сондықтан бәсекеге қабілетті ел болу үшін "Қазақстанда жасалған" брендімен шығарылған әрбір тауар сапалы, ыңғайлы, әдемі және арзан болуы керек. Әлеуметтік даму Қазақ халқы бұрынырақта қазіргі кездегідей жақсы өмір сүрген жоқ. Тәуелсіздік алғаннан кейін 1300-ге жуық денсаулық сақтау нысандары мен 1700-ге жуық білім ошақтары салынды. Барлығы заманға сай құрылғылармен қамтамасыз етіліп, өз еліміздің дәрігірлерінің көмегімен ең қиын деген операциялар жүзеге асырылуда. Мемлекет қандай жағдай болмасын әлеуметтік міндеттерін толық орындап келеді. 2016 жылдан бастап әлеуметтік жәрдемақылар мен шәкіртақы көлемі 30%-ға артады. Бұл алдағы уақытта халықтың алаңсыз өмір сүруіне көмектеседі. Сондай-ақ, 2017 жылы "Тегін кәсіби-техникалық білім беру " жобасы жүзеге асырылады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау саласының қызметкерлері үшін орташа жалақы - 28%-ға, білім саласында  – на 29%-ға, әлеуметтік қорғау саласында – 40%-ға артады. Сондай-ақ, асыраушысынан айырылғандар мен мүгедектерге арналған жәрдемақы көлемі және шәкіртақы 25%-ға өседі. Сондай-ақ, 2016 жылдан бастап "Б" корпусындағы мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 30%-ға артады. Жаңа әлеуметтік саясат жүзеге асырылуы керек. Мемлекеттің әлеуметтік сала бойынша қызмет көрсетуі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсетумен шектелуі керек. Ал қалған азаматтар өздері еңбектеніп, еңбектерінің жемісін жеуі қажет. Үкіметке алдағы үш ай ішінде әлеуметтік қамтамасыз етуді оңтайландыру туралы ұсыныстарын айту тапсырылды. 2016 жылдың бірінші тоқсаны аяқталғанша Үкіметке жаңа "Жұмыспен қамту жол картасын" дайындау жұмысы тапсырылды.

Похожие материалы