Экономика
Н.Назарбаев Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын артық шығынсыз атап өтуді тапсырды
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев облыстардың әкімдерімен кездесуінде инвестицияларды тарту мен артық шығындарды болдырмауға аса назар аударуды тапсырды. Бұл туралы ҚР Президентінің ресми хабарлады.
"Шикізат секторындағы төмендеудің есесін біз шикізаттық емес салалар есебінен толтырдық. Қызмет көрсету саласында өңдеуші кәсіпорынның өсімі қамтамасыз етілді. Биыл егін жақсы жиналды – 22 миллион тонна астық және майлы дақыл алынды. 7 миллион шаршы метрлік баспана пайдалануға берілді, барлық облыста жаңа әлеуметтік нысандар тапсырылды. Осының бәрі өңірлерде де сіздердің Үкіметпен бірлесіп жүзеге асырған жұмыстарыңыздың нәтижесі. Қолда бар резервті пайдалана отырып, әрбір облыста жұмысы тоқтап қалған кәсіпорындарды іске қосқан жөн, олардың сатылымының көлемін ұлғайту керек", – деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті автомобиль жолдарын, әлеуметтік нысандарды салу ісінде мемлекет-жекеменшік серіктестігі тетіктерін белсене қолдануды тапсырды. Мемлекет басшысы тартылған жеке инвестициялардың көлемі мен ашылған жұмыс орындарының саны әкімдер жұмысын бағалаудың критерийінің бірі болатынын атап өтті. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдық-саяси тұрақтылық, халықтың қажеттілігін ескеру, еңбекақының, зейнетақының және жәрдемақының уақтылы төленуі, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының мониторингі, тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығының үздіксіз жұмысын және құқық қорғау ісі деңгейін ойдағыдай қамтамасыз ету аса маңызды екеніне назар аударды. Қазақстан Президенті еліміздің Тәуелсіздігінің алдағы 25 жылдығын артық бюджет шығынынсыз атап өткен жөн екеніне тоқталды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024