Экономика
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мүшелерінің жарнасы 15-20% төмендеуі мүмкін
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мүшелерінің жарнасы 15-20% төмендеуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Атамекен" ҰКП төрағасы Абылай Мырзахметов мәлімдеді.
"Келесі жылы жарнаға қатысты сұрақтар шешіледі. Әрине, жарна қанша пайызға төмендейтінін айтатын боламыз. Әзірге қаржыны оңтайландыру үшін қысқартылып жатқан жарна мүшелік жарнаның 15-20%-ын құрайды", - деді ол. Сондай-ақ, ол платаның орталық аппаратында қаржыны оңтайландыру аясында 600 адам қысқартылғанын айтты. "Жүйе бойынша 100 адамды қысқартуды жоспарлаған едік. Бұл штаттың 10-15%-ын құрайды. Бірақ процесс еркін болды. Арнайы кеңестер, аттестациялар өткізу арқылы мүмкіндік бердік. Кейбір әріптестерімізге Ассоциацияға өтуге мүмкіндік берілді", - деп түсіндірді ол. А.Мырзахметовтың сөзінше, оңтайландыру аясында 1 млрд теңге көлемінде қаржы үнемделеді. Фото: palata.otgroup.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024